Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды

Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды

Арендалық пәтерді жалдауға беруге болмайды.

  • 2 Наурыз 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңестің бірінші отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева айтты.

«Өңірлерді дамыту жөніндегі мақұлданған бағдарламада қатысушыларға жалдамалы тұрғын үйді алған сәттен бастап екі жылға дейін бірқатар шектеулер енгізілген. Яғни, олардың пәтерді жалға беруіне, сыйға тартуына немесе айырбастауына болмайды», — деді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, бұл шектеулер «Нұр Отан» партиясы фракциясының ұсынысы негізінде қолға алынған.


«Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік жалға берілетін пәтерлердің төлем көлемі баспанаға мұқтаж жандарға қолжетімді екендігін баса айтқым келеді», — деді ол.