«Бүгін қол қойылған бірлескен мәлімдеме біздің кейбір саяси мәселелердегі ұстанымымыздың бір-бірімен қабысып жатқанын дәлелдейді. Сондықтан біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болуға талпынып отырған Қазақстанға қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп мәлімдемеге қол қоюы рәсімінен кейін Аргентинаның Сыртқы істер және ғибадат министрі Эктор Маркос Тимерман мәлім етті.