Аргентина президенті барлау қызметін таратуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентина президенті барлау қызметін таратуға ниетті

Аргентина президенті барлау қызметін таратуға ниетті

 Аргентина президенті Кристина Фернандес Киршнер елдің барлау қызметін таратып,

  • 27 Қаңтар 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz


жаңа агенттік құрғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады ВВС. 

Ұлттық телеарнадан сөз сөйлеген ол тиісті заң жобасы парламентке жіберілетінін хабарлады. Президенттің айтуынша, қазіргі барлау құрылымы хунта уақытынан бері өзгермеген.

Би-би-си тілшісі хабарлағандай, президент мәлімдемесін 1994 жылы Буэнос-Айресте Еврей мәдени орталығында орын алған жарылыс жайындағы істі жүргізген прокурор Альберто Нисманның құпия өлімінен кейін хабарлап отыр. Ел конгресінің тыңдауында сол оқиғаға қатысты күдіктілердің есімі аталуы тиіс.