Аргентинада орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан бес адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентинада орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан бес адам қаза болды

Аргентинада орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан бес адам қаза болды

 Аргентинада әлі де жалғасып жатқан тәртіпсіздіктер салдарынан кем дегенде бес адам қаза болды, деп хабарлады сейсенбіде АП агенттігі.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 290
Фото - Caravan.kz

Төрт адам қиратушылық әрекеттер салдарынан қаза болған. Қаза болған тағы бір адам тоналған және өрт қойылған дүкеннің иесі, деп атап өтеді агенттік.

Сонымен қатар, АП мәліметтеріне қарағанда, жүздеген адам жарақат алған, аргентиналық  23 провинциясының 19-да мыңдаған дүкен мен үй тоналған.

Тәртіпсіздіктердің орын алуына жалақы мен әлеуметтік жеңілдіктерге көңілдері толмай отырған жергілікті полиция қызметкерлерінің ереуілге шығуы себеп болған.


Билік тәртіпсіздіктер мен тонау салдарынан ондаған миллион долларға шығын келтірілді, деп бағалап отыр.