Аризона ауруханасында әйел адам баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аризона ауруханасында әйел адам баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды

Аризона ауруханасында әйел адам баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды

Американың Финикс (Аризона штаты) қаласының маңындағы балалар ауруханасында әйел өз баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады,

  • 9 Қараша 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

деп Ассошиэйтед Пресс агенттігі полициядағы ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Финикс маңындағы Меса қаласы полициясының өкілі Стив Берри (Steve Berry) Кардон медициналық орталығының мейірбикелері 27 жастағы Тамми Гриффит (Tammy Griffith) пен оның бес жасар ұлы Гелиостың (Helious) мәйітін  баланың палатасында тапқанын айтты, деп хабарлады РИА «Новости» .

«Олар екі сағат сайын тексеріс жүргізеді», — деді Берри. Берри анасы мен оның ұлын түске жақын аман күйде көргенін, ал 14.00-де олардың өлі денелерін тапқанын айтты».

Берридің сөзіне қарағанда, әйел оқ жарақатынан қаза тапқан, ал бала қалай ажал құшқанын полиция айтпады. 


Тергеушілердің нұсқасы бойынша, әйел алдымен ұлын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Ауруханада ешкім қарудың дыбысын естімеген және өзге де күдікті әрекеттерді байқамады.  Бала жеке палатада жатқан.

Соңғы жаңалықтар