Жарияланды: 570

Арман Евниев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Арман Евниев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Арман Евниев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, А. Евниев 1968 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Омбы ауылшаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша бітірген. ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген. 1990 - 1994 жылдары СҚО Тимирязев ауданы Степной кеңшарында агроном, бас агроном болып істеген. 1994 -1999 жылдары СҚО Мәскеу ауданының XXV партсъезд атындағы ұжымшарының директоры және "Новоузенское" ЖШС директоры болған. 1999 - 2000 жылдары СҚО Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, ауылшаруашылығы басқармасының бастығы болды. 2000 - 2001 жылдары ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында тыңдаушы болды. 2001 - 2002 жылдары ҚР парламенті мәжілісі аппаратының сектор меңгерушісі және кеңесшісі, ҚР парламенті мәжілісі аппаратының экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшылығының сектор меңгерушісі болып істеді. 2002 жылдың тамыз айында А. Евниев ҚР АШМ егін шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап ауылшаруашлыығы вице-министрі, 2006 жылдың ақпан айынан бастап ҚР АШМ егін шаруашылығы департаментінің директоры болып істеді. 2007 жылдың қазан айынан 2008 жылдың тамызына дейін "Оңтүстік" ӘКК басқармалары төрағасының бірінші орынбасары лауазымын иемденді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін