Армандаған көлігіне қолы жеткен жігіт көп ұзамай онысынан айырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армандаған көлігіне қолы жеткен жігіт көп ұзамай онысынан айырылып қалды

Армандаған көлігіне қолы жеткен жігіт көп ұзамай онысынан айырылып қалды

Өмірден алынған оқиға! Аяқасты арманындағы автокөлікке қолы жетіп, көп ұзамай онысынан көз жазып қалған жігіттің шытырман оқиғаға толы хикаясын «Сони пикчерс» студиясы ұсынып отыр. Гоша Куценко, Елизавета Боярская секілді Ресейдің атақшы актерлері қатысқан «Курьер из рая» фильмін бүгіннен бастап «Меломан» компаниясы еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетуде.

  • 29 Қараша 2013
  • 377
Фото - Caravan.kz

Моншадан шықса, көлігі жоқ! Артемға судай жаңа тұлпарды жасаған жақсылығы үшін автосалонның қожайыны сыйға тартқан. Алайда көліктің қызығын енді көремін бе дегенде оны әлдебіреулер ұрлап әкетеді. Бірақ, қолды болған көлігі сол күйі таптырмай, полицейлерден де күдер үзген жігіт ақыры іздеуге өзі кіріседі.       

Күндердің күнінде Артем өзінің жаңа көлігін жергілікті қылмыстық топ жетекшісі ұрлағанын түсінеді. Меншігін қайтару операциясы да осы тұстан басталған.     

Гоша Куценко, актер (Ресей):

— Мен Қазақстанға бірнеше картина алып келдім. Бірақ, бұл киноның орны бөлек. Көңіл көтере отырып, өмір туралы салмақты ойға қаласыз. Тамаша түсірілген картина, міндетті түрде көруге кеңес беремін.


Дмитрий Дюжев, актер (Ресей):

— Бұл экшн. Бұл драма. Бұл кинодан бас алмай қарауға болады. Жанры аралас. Тек фильм соңында шиеленіскен оқиға шешімін тапқанда ғана ес жинайсың.

Кино комедия жанрында түсірілгенімен, ішінде шытырман да көп. Айтпақшы, оқиға желісі өмірде болған жайттан алынған.