Жарияланды: 370

Арменияда ҰҚШҰ "Рубеж-2008" атты бірлескен командалық-штабтық жаттығуларының қорытынды сатысының белсенді фазасы басталды

Алматы. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Арменияда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Рубеж-2008" атты бірлескен командалық-штабтық жаттығуларының қорытынды, төртінші сатысының белсенді фазасы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Шараға Армения президенті Серж Саргсян, Арменияның сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, Армения, Белоруссия, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Иран, Грекия, Болғарияның әскери атташелері қатысып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін