"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ында 12 шілдеде жарықтың оқтын-оқтын үзілуіне байланысты апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ында 12 шілдеде жарықтың оқтын-оқтын үзілуіне байланысты апат болды

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ында 12 шілдеде жарықтың оқтын-оқтын үзілуіне байланысты апат болды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында Теміртау және Балхаш қалаларында 12 шілдеде жарықтың оқтын-оқтын үзілуіне байланысты "Арселор Миттал Теміртау" АҚ цехтарында апат болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Шiлде 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Шілденің 04-де «КЕГОК»АҚ-ның сыртқы желілерінде электр жалғастыру желілеріндегі кернеудің ауытқуларына байланысты «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның домна цехында №4 домна пешінің құбыры жарылу салдарынан газ құбыры мен ауа құбырына зақым келді. Ал үздіксіз болат құю цехының конверторлық цехында №1 және №2 машиналарында технологиялық апат болды», -делінген ТЖМ хабарламасында.

Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. «14 шілдедегі 06 сағат 30 минуттағы жағдаймен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ында өзгерістер болған жоқ. №1 прокат цехында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қалған барлық цехтар қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті