«Арселор Миттал» жалақыны желеу етіп мемлекеттен қарызын қайтарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арселор Миттал» жалақыны желеу етіп мемлекеттен қарызын қайтарып алды

«Арселор Миттал» жалақыны желеу етіп мемлекеттен қарызын қайтарып алды

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы жұмыскерлеріне жалақыны толық төлейтін болды. Компанияға қарасты 30 мыңға тарта жұмыскер ақпанның 17-не дейін жалақыларының 100 пайызын алулары тиіс.

  • 10 Ақпан 2015
  • 203
Фото - Caravan.kz

Өйткені мемлекет «Арселорға» берешек 12 миллиард теңгенің 4 миллиардын ақпанның 15- сіне дейін қайтаратын болыпты. Қалғаны компания салықтық декларациясын тапсырғасын беріле бастайды екен. «Арселор» басшылығының айтуынша, осы айда болат саудасынан тірнектеп жиған қаражаттың бәрі жалақыға жұмсалған. Көктем шыға өнімге сұраныс арта бастаса мұндай қиындықты айналып өтуге болады деген сенім бар. Ал керісінше болып жатса, мәселені мемлекетпен бірігіп шешуге үміттеніп отыр.