Жарияланды: 670

«Арселор Митталл Теміртау» АҚ-да ауаны ластаушы заттар нормативтен асып кеткен

Металлургия саласында ауаның ластануымен байланысты құқықбұзушылықтарға жол берілуде.

Бұл туралы бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім болды. Аталмыш министрліктің Экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Сағымбек Мұташевтің сөзіне қарағанда, өткен жылдың маусым айында «Арселор Митталл Теміртау» акционерлік қоғамының Теміртау металлургиялық комбинатына экологиялық тексеру жүргізілген. Тексеру барысында комбинатта тазарту қондырғыларын дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде ластаушы заттар нормативтен асып кеткендігі мәлім болды. «Аталған құқықбұзушылық үшін 800 мың теңгеге айыппұл салынып, залалды өтеу үшін 142 мың теңгенің талабы ұсынылды. Залал мен айыппұл толық өндіріліп алынды», -деді комитет төрағасы. Оның айтуынша, Теміртау металургиялық комбинаты табиғат қорғау іс-шараларын дер кезінде орындамауды әдетке айналдырып барады. «Комбинаттың аймақтың әлеуметтік, экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай әсер ететіндігін ескере келе, «Арселор Митталл Теміртау» акционерлік қоғамының басшылығы 2010 жылы табиғат қорғау іс-шараларын орындау туралы кепілдік міндеттеме берген. Осы міндеттемелердің орындалуы ағымдағы жылдың шілде айында тексерілетін болады»,-деді С.Мұташев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін