Жарияланды: 610

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жұмыскерлер жалақысын қысқарту туралы бұйрығы жарамсыз деп танылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жұмыскерлер жалақысын қысқарту туралы бұйрығы жарамсыз деп танылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеванның жұмысшылардың жалақысын 25%-ға қысқарту туралы бұйрығын

еңбек инспекциясы жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды «Жақтау» металлургтер кәсіподағынан. 

«12 тамыз күні мемлекеттік еңбек инспекторы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ресурстары және еңбек қатынастары жөніндегі директоры Дмитрий Павловқа 2015 жылғы 4 тамыздағы № 495 бұйрықтың күшін жою туралы ұйғарымды табыстады, себебі ҚР Еңбек кодексінің 11 бабының 3 б. талаптарына сәйкес бұйрық жарамсыз болып табылды және қолданылуға жатпайды», делінген кәсіподақ сайтындағы хабарламада. 
Сонымен қатар компания басшылығы 13 тамызда сағат 12-ге дейін мемлекеттік инспекторға ұйғарымның орындалғаны туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынуға міндетті екені атап өтілген. 
«АрселорМиттал Теміртау» басшылығына еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін