"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы ауысты.

  • 1 Желтоқсан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, Ленин атындағы шахтадағы апатты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 3 қарашадағы баяндамасы АрселорМиттал Теміртауда осы маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болған.

"Владимир Иванович Яблонский мырза "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып, Виктор Викторович Гафиулов мырза "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен ісі департаменті бас директорының міндетін атқарушы болып олардың қызметіне дереу кірісуімен тағайындалды", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Биджу Наир мен Джелсон Батиста АрселорМиттал вице-президенті және АрселорМиттал ТМД бас директоры Виджай Гоялдың кеңесшілері болып тағайындалды.


"Бұл оларға ағымдағы жағдайға және 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апаттың себептерін тергеуге толық назар аударуға мүмкіндік береді", — дейді компания.

Айта кетейік, Яблонский кәсіби қызмет жолын 1989 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатында (қазіргі АрселорМиттал Теміртау) бастаған. Оның металлургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар.