«­АрселорМиттал Тем­і­ртау­» жалақыны қыркүйек айынан бастап қысқар­тады ­ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«­АрселорМиттал Тем­і­ртау­» жалақыны қыркүйек айынан бастап қысқар­тады ­

«­АрселорМиттал Тем­і­ртау­» жалақыны қыркүйек айынан бастап қысқар­тады ­

«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлердің жалақы қорын қысқартты. Бұл туралы компания басшысы Виджай Махадеван мәлім етті.

  • 7 Тамыз 2015
  • 941
Фото - Caravan.kz


«Бірқатар талқылаулардан кейін жалақы қорын 2015 жылдың 4-қыркүйегінен бастап қысқарту туралы шешім қабылданғанын хабарлаймын. Басқаша айтқанда, қыркүйек айының жалақысы қысқартылады. Ол қазан айында төленеді. Біз кәсіподақ өкілдерімен жүріп жатқан келіссөздерді алдағы төрт апта бойы жалғастырамыз және олар біздің жағдайымызға түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», — деп жазды В.Махадеван компания сайтындағы өз блогында.
Айтуынша, жалақыны оңтайландыру шарасына қоса компания өндірістік шығындарды қысқартуы тиіс.
Бұған дейін компания қызметкерлердің жалақысын 1-тамыздан бастап 25 пайызға қысқарттынын мәлімдеген болатын.