Айта кетсек, ел аузында «Артем» аталып кеткен орталық базар маңындағы жаппай төбелес өткен маусым айында болған еді. Үш баласымен бірге қайыр сұраған мүгедек әйелді базар күзетшісі көшеге итеріп тастап, жанжал содан басталған. Күзетші әйелдің қатыгездігінен басталған даудың арты ұлғайып, тіпті полиция ие бола алмай, арнайы жасақ шақыртылған еді. Осыған байланысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалған болатын. Алайда, Алматы аудандық соты тек екі азаматқа ғана үкім шығарды. Олар енді екі жарым жылға бас бостандығы шектеліп, тағы 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілмек.
Ботагөз Баянова, Астана қалалық соты ақпаратты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
— «Артем» сауда орталығының маңында ұйымдасқан бір топ адамдар, яғни сотталушы Жолдасов пен Рахимов қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық көрсеткен. Сот отырысы барысында сотталушылар өз кінәсін толығымен мойындап, істеген іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.