Жарияланды: 710

Әртүрлі апаттар салдарынан республика жолдарында 6 адам қаза тапты

Әртүрлі жол-көлік оқиғалары салдарынан республика жолдарында 6 адам қаза тауып, тағы да 4 адам әртүрлі жарақат алды,- деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі 24-маусымда.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік-Алматы тас жолының 4-ші шақырымында 23-маусымда кешкі сағат 23 шамасында "Тойота-Каролла" автокөлігінің жүргізушісі жол бойында тұрған "ВАЗ -2102" автокөлігімен соқтығысу салдарынан "ВАЗ -2102" автокөлігінде отырған бір әйел мерт болды. Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді. Ал Алматы облысының Іле ауданында Алматы-Байсерке-Қараой автожолының 31-ші шақырымында 23-маусымда 8 сағат 20 минутта "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алу салдарынан машинада отырған жолаушы әйел қаза тапты. Атырауда "ГАЗ-33021" автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 11-жасар ұлды машинамен қағып кетті. Бала ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ Атырауда "ВАЗ-2109" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2121" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "ВАЗ-2121" автокөлігіндегі жолаушы әйел қаза тауып, екі жүргізуші де ауруханаға жатқызылды. Әйелдің аты-жөні қазір анықталу үстінде. Қостанайда 23-маусымда кешкі сағат тоғыз жарымда "ВАЗ-21093" автокөлігінің жүргізушісі жүк тасымалдайтын "КАМАЗ-5320" автокөлігімен соқтығысып қалды. "Жигулиде " отырған екі адам мен оның жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін