"Әртүрлі стресстік жағдайлар бар": Мамандар қазақстандық жасөспірімдер не үшін артық салмақ жинауға бейім екенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әртүрлі стресстік жағдайлар бар": Мамандар қазақстандық жасөспірімдер не үшін артық салмақ жинауға бейім екенін түсіндірді

"Әртүрлі стресстік жағдайлар бар": Мамандар қазақстандық жасөспірімдер не үшін артық салмақ жинауға бейім екенін түсіндірді

"Әртүрлі стресстік жағдайлар бар": Мамандар қазақстандық жасөспірімдер не үшін артық салмақ жинауға бейім екенін түсіндірді.

  • 26 Қазан 2021
  • 40
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық жасөспірімдер семіздікке жиі шалдығады. Бүгінде 18% ұл балалар мен 20% қыздар артық салмақпен өмір сүреді. Қашықтан оқудың әсерінен болса керек дәрігерлерге жүгінгендер саны артқан.
 

Әрбір бесінші қазақстандық оқушы артық салмақпен өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz  порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтіреді. Көбінесе бірінші немесе екінші дәрежелі артық салмақпен 8 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылар дәрігерлерге жүгінеді екен.

Мамандардың айтуынша, артық салмақ денсаулыққа зиян. Атап айтқанда, ағзаның бірнеше мүшесіне әсерін тигізеді.

“Бұл ағзаға артық салмақ. Біріншіден, жүрек-тамыр жүйесіне, екіншіден, тыныс алу аппаратына, ең бастысы – тірек-қимыл жүйесіне омыртқаның қисаюына әкелуі мүмкін. Семіздік гормоналды жүйенің, зат алмасу процесінің бұзылуы немесе қандағы инсулиннің жоғары болуына байланысты пайда болуы мүмкін”, – дейді эндокринолог Қымбат Қасқырбаева.

Мамандардың айтуынша, дұрыс тамақтанбау да бұған себеп бола алады. Балалар тәтті сода, жоғары калориялы фастфуд және жеңіл тағамдарды жиі қолдана бастады. Диетологтар әрбір бесінші жасөспірім аптасына үш реттен көп газдалған сусын ішеді. Нәтижесінде артық салмақ шыға келеді, дейді.

Ал Шымкенттің мектеп асханаларында балаларды ыстық тамақпен: бірінші және екінші тамақ, кола мен энергетиктердің орнына су мен компотпен тамақтандырады.

Шымкент қаласы білім басқармасының оқу бөлімінің басшысы Гүлнар Дарыбаева барлық мектептерде қуырылған тағамдарды сатуға тыйым салынады дейді.


“Оған бургерлер, гамбургерлер, чипсы, фри, тіпті пицца да кіреді. Тағамдар сапасын мектептің бірінші басшысы қадағалайды және барлық мектептерде комиссия бар”, – дейді ол.


Ал енді мектеп қабырғасынан шыққан балалардың қалай тамақтанатынын бақылау қиын. Оқу орындарының жанындағы дүңгіршектерде қуырылған, майлы тағамдар, газдалған сусындар, түрлі тәттілер бар.

Психологтардың пікірінше, көп мөлшерде тамақтану және соның салдарынан семіздікдің пайда болуы стресске әкеледі.

“Мектепте әртүрлі стресстік жағдайлар бар: жаңа адамдармен танысу, үздіксіз оқу, түсініксіз қарым-қатынастар, оқытушылармен және сыныптастарымен түсініспеушіліктер. Баламен сөйлесу керек, ол жайдан-жай шектен тыс тамақтанбайды”, – дейді психолог Герман Владимиров.

Жақында депутаттар дұрыс тамақтанбау мәселесін көтерді. Олар мұның бәріне маркетинг пен жарнама әсер етеді, дейді.

Балалар жарнамаланатын сусындар мен фаст-фуд тағамдардың дәмін татқысы келеді.

Мамандар баланың табағында көмірсулар емес, көкөністер, ақуыздар мен жемістер болуы керектігін баса айтады.

Соңғы жаңалықтар