Арыс қаласынан 150 бала Каспий жағалауында тегін демалады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыс қаласынан 150 бала Каспий жағалауында тегін демалады

Арыс қаласынан 150 бала Каспий жағалауында тегін демалады

16-30 шілде аралығында Арыс қаласынан 50 бала Ақтаудағы «Балдәурен» балалар лагерінде демалады деп жоспарлануда.

  • 4 Шiлде 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, «Алау» лагерінде 100 балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады. Екі лагерь де Ақтаудағы Каспий жағалауында орналасқан.

Балалардың уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтуды көздейтін «Алау» сауықтыру лагері 1987 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының және жұмысшылардың күшімен салынған. Осы 30 жылдың ішінде «Алауда» 30 мыңға жуық бала демалған. Мұнда балалар күніне 5 мезгіл тамақтанады. Олар Ақтау қаласының көрікті жерлерін, мұражай мен ботаникалық бақты аралап, кинотеатрларда, ойын-сауық аттракционында алаңсыз демалып, көңіл көтереді. 

Одан бөлек, бекіре фермасы, түйеқұс шаруашылығының жұмысын тамашалап, түрлі сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар