Жарияланды: 20

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

 

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір ай қамауда болады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы ҚазАқпарат -қа сілтеме жасап.

«2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Анкитор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берген еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін