Ә.Шаяхметованың жағдайы орташа дәрежеде ауыр - Ерсін Жүнісов (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Шаяхметованың жағдайы орташа дәрежеде ауыр - Ерсін Жүнісов (ФОТО)

Ә.Шаяхметованың жағдайы орташа дәрежеде ауыр - Ерсін Жүнісов (ФОТО)

Жамбыл облысындағы ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметованың жағдайы орташа дәрежеде ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Астанадағы №1 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ерсін Жүнісов мәлім етті.

  • 2 Ақпан 2015
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Науқас жансақтау бөлімінен политравма бөліміне, яғни кәдімгі палатаға ауыстырылды. Жағдайы орташа дәрежедегі ауыр деуге болады. Қосымша зерттеулер жүргізілуде. Алдағы екі-үш күн ішінде Әсемді ақырындап төсектен тұрғыза бастаймыз. Арнайы аппараттардың көмегімен қалпына келтіру шараларын жасаймыз. Алдағы екі аптада Әсемді аяғынан тік тұрғызып, ешкімнің көмегінсіз жүре алатындай болғызуымыз керек», — деді Е. Жүнісов.

Оның айтуынша, науқас Астанаға дер кезінде жеткізілген. Осында оған бірқатар ауыр емдеу шаралары жүргізіліп, жамбас сүйектері мен омыртқаларына оталар жасалған.  

"Науқастың көңіл-күйі жақсы, біздің емдеуімізге еш қарсы емес, керісінше бізге толықтай сенеді. Жазылып шыққан соң бұрынғы қызметіне, отбасына, туыстарына оралуға асығуда", — дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, Әсем Шаяхметова Жамбыл облысында апатқа ұшыраған «Ан-2» ұшағынан аман қалған жалғыз адам.


Ұшақ 20 қаңтар күні Шатыркөл кен орнынан 25 шақырым жерде құлаған болатын. Ұшақ бортында 7 адам болған, олардың төртеуі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкері және үшеуі экипаж мүшелері.

2 4 5 6 7 9 10