Телерадиокомпанияның хабарлауынша, «күн тәртібіне негізінен қаржылық-экономикалық сипаттағы 30 шақты мәселе шығарылған. Олардың арасында Еңбек миграциясы туралы Конвенция, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық жөніндегі келісім бар. Сонымен бірге, үкімет басшылары келесі жылға арналған ТМД бюджетін қабылдайды. Бұл құжат бір дауыстан мақұлданады деп күтілуде, өйткені, барлық мәселелер толық келісілген».
Үкімет басшылары Түркіменстан астанасына кешеден бері келіп жатыр. Кеше кешке Ашхабадқа Ресей үкімет басшысы Виктор Зубков келді. Ал бүгін үкімет басшыларының саммитіне Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ұшып келді. ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы бүгін түске дейін аяқталды. Бұдан кейін мүдделілік танытылған ынтымақтастық форматарында келіссөздер жүргізіледі.
Атап айтсақ, Ресей, Түрікменстан және Қазақстанның үшжақты кездесуі межеленген. Онда Каспий газ құбырының құрылысы туралы үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланған. Онда Түрікмен және Қазақстан Каспий теңізінің жағалауы арқылы Ресейге, сосын Еуропаға транзитті тасымалдау қарастырылады. Сондай-ақ, Түрікменстан астанасында Ресей мен Украина премьерлері келесі жылы газ сатып алу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті