Ashyq қызметі тағы да ақауға жол берді деп хабарлайды Caravan.kz порталы Paryz.kz.-ке сілтеме жасап.
Құрметті Ashyq қызметінің пайдаланушылары, қазір қосымшада техникалық ақаулар орын алғаны байқалады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген Ashyq Telegram арнасында осы жобаға қатысушыларға арналған хабарламада.
Төрт минуттан кейін қосымшаны пайдаланушыларға жұмыс қалпына келтірілгені туралы хабарланды.
Қосымша жұмысы қалпына келтірілді! Кез келген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз! — делінген хабарламада.