«Ұлттық кеңес үкіметтен төлемдер және салық түсімдері бөліміндегі форма бойынша мәліметтер және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан ақпараттар жинауға өкілетті болатын аудиторлық компанияны таңдап алуға тиіс. Бұл аудиторлық компания олардың есебін тексеріп, жиынтық ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады»,- деді Болат Ақшолақов.
Қазіргі уақытта, оның айтунша, аудиторлық компанияны таңдауға қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Болат Ақшұлақов сондай-ақ, есепке «Қосалқы құн салығынан басқа барлық салық түрлері бойынша» 2005 жылғы толық мәліметтер кіретіндігін хабарлады. Одан әрі екі жылға — 2006 және 2007 жылға есеп дайындалуы мүмкін.
«Аталмыш есеп жыл сайын жасалуға тиіс»,- деп атап көрсетті вице-министр. Оның мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда бастамаға 92 компания қосылған, олардың 51-і мұнайгаз саласында, қалғандары — тау-кен саласында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті