Asiana Airlines 8 тамыздан бастап Сеул-Астана-Сеул рейсін іске қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Asiana Airlines 8 тамыздан бастап Сеул-Астана-Сеул рейсін іске қосады

Asiana Airlines 8 тамыздан бастап Сеул-Астана-Сеул рейсін іске қосады

2015 жылдың 8 тамызынан бастап «Asiana Airlines»  әуе компаниясы Сеул-Астана-Сеул бағыты бойынша тұрақты рейстерін ашады, деп хабарлады «Amadeus» компаниясының баспасөз қызметінен.

  • 3 Шiлде 2015
  • 538
Фото - Caravan.kz

Ұшу күндері — апта сайын әр сенбіде. Жолаушылар 290 орындық А330 жайлы ұшағымен қатынайтын болады.

1998 жылдың қаңтар айынан бастап әуе компаниясы  Сеул-Алматы-Сеул рейстерін орындап келеді, қазіргі кезде ұшу жиілігі аптасына екі рет.

Сеул-Астана бағытындағы OZ579 рейсінің ұшуы — сағат 18:10-да, Астанаға келуі — жергілікті уақыт бойынша сағат 22:10-да. Астана-Сеул бағытындағы OZ580 рейсінің ұшуы — сағат 23:50-де, Сеулге қонуы — жергілікті уақыт бойынша сағат 09:30-да.

Жаңа рейстің ашылуы аясында Amadeus компаниясы мен Asiana Airlines әуе компаниясы Астанада бірлескен семинар өткізіп, онда өздерінің бағдарламалары мен өнімдерін таныстырды.