Жарияланды: 690

Әскери бөлімде өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға арналған кездесу болды - Қызылорда

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2019 әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесу өткізіліп,

онда діни экстремизм және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және болдырмау мәселесіне байланысты әңгіме жүргізілді. Оған сондай-ақ облыстық «Самұрық» инновациялық идея­ларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры да атсалысты. Кездесуде «Соғыссыз, терроризмсіз, жемқорлықсыз өмір» жобасының жетекшісі Рысбай Оқуұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жақыпбаев, облыстық діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Тұрар Әбуов, облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қызметкері Ғабит Табынбай сөз сөйледі. Оның барысында сондай-ақ діни экстремизм мен өзі-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бағытында атқарылған шаралар мен алдағы міндеттер туралы баяндамалар жасалды. Соңынан осы тақырыптарға пікір алмасулар орын алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть