Әскери шеру кезінде Астананың бірқатар көшелері жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери шеру кезінде Астананың бірқатар көшелері жабылады

Әскери шеру кезінде Астананың бірқатар көшелері жабылады

7 мамыр күні әскери шеру кезінде Астананың бірқатар көшелерінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлады ІІД Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметіне

  • 6 Мамыр 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

«7 мамырда таңғы сағат 05:00-ден Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың аяқталуына дейін барлық көліктердің қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:

Тәуелсіздік көшесінің бойымен Мұңайтпасов көшесінен № 46 ( «Хэлли Бэрри» мектебі) көшеге дейін,

Сарайшық көшесі ­- Түркістан көшесімен қиылысы тұсынан М-1 көпіріне дейін,

Байтұрсынов көшесі — Б.Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін,

Қошқарбаев көшесі — Б. Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін,

Аманжолов көшесі — Қошқарбаев көшесінен  Нәжімиденов көшесіне дейін,

Сығанақ көшесі — Түркістан көшесінен М3 көпіріне дейін,


Ш.Қалдаяқов көшесі — бойында М-3 көпірі аумағынан Тәуелсіздік даңғылына дейін,

Тоқпанов көшесі — Шарль де Голль көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін», — делінген баспасөз хабарламасында.

Көлікті келесі жерлерге қою ұсынылады: «Оқушылар Сарайы», «Қазақстан» СК, ІІМ, Жұмабаев көшесінің бойында, Айнакөл көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін, «Нұр Астана» мешітінің маңындағы тұраққа.

Әкімшілік полиция басқармасы көлік иелерінен бағыттарын алдын-ала жоспарлауды немесе бұл күні көлік басқарудан бас тартуды сұрайды.