Аспандағы ұшақ пен жердегі танк астаналықтарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аспандағы  ұшақ пен  жердегі танк астаналықтарды шошытты

Аспандағы ұшақ пен жердегі танк астаналықтарды шошытты

Астанааспаны тынышталар емес! Мұнда Отан қорғаушылар күні әскери шеруге қатысатын тікұшақтар дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал, Елорда орталығын жүздеген ауыр техника кесіп өтті. Әскери шерудің әзірлігі өтіп жатқан негізгі көшелер қазір қоршауға алынған.

  • 3 Мамыр 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz


Мына кадрлерде тікұшақтар мен танктердің ақырындап жылжып бара жатқаны анық көрінеді. Елордадағы әскери дайындық сәтін тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алған. 7-ші мамырда өтетін әскери шеруде Астананың үстінен 70-тен аса ұшақ пен тікұшақ ұшып өтеді. Жалпы "Қазақ елі" алаңындағы шеруге Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Шекара қызметінің 2 мыңдай сарбазы, әскери техникалары мен авиациясы тартылмақ. Былтырғы әскери шеру 7 мың сарбаздың қатысуымен Жамбыл облысындағы «Отар» полигонында өткен болатын.