Қайын атасының арқасында Қырғызстанда бірталай мекемені басқарған оған қазіргі биліктің таққан айыптары ауыр. Бас прокуратураның мәліметінше, Әділ Тойғанбаев туыстарынан қалыспай, елден қыруар қаржы ұрлап әкетіпті. Интерпол қазір күйеу жігітті қайын жұртына экстрадициялау мәселесін қарастыруда. Тойғанбаев бұған дейін де Алматыда халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде баласына құжат жасатып жүргенде ұсталған болатын. Бірақ Қазақстан азаматы болған соң Қырғызстанға экстрадицияланбай босатылған-ды.