Асқар Бөлдешев 8 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Бөлдешев 8 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды

Асқар Бөлдешев 8 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды

Астана қаласының әскери соты Қазақстан Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары, авиация генерал-майоры Асқар Бөлдешевті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығард

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 623
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар оның барлық әскери атақтары мен наградалары қайтарып алынады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.

«А.Бөлдешев Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 380-бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын», — деді үкіммен таныстырған Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Дәулет Молдабаев.

«Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 50-бабының негізінде президентке Бөлдешевті «авиация генерал-майоры» атағы мен мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс жасалсын», — деді судья.

Сот А.Бөлдешевтің сыбайласы — RG ЖШС директоры Талғат Жұмахановқа алты жыл жаза кесті.


Сонымен қатар, сот А.Бөлдешев пен Т.Жұмахановтан 114 млн 508 мың 350 теңге өндіріп алу туралы қарар шығарды.

«А.Бөлдешев пен Т.Жұмахановтың жазасын өтеу мерзімі 2013 жылдың 22-сәуірінен басталсын», — деп қосты судья.

Бұрын хабарланғандай, А.Бөлдешевті әскери техниканы жөндеу төңірегіндегі алаяқтықтарға қатысы бар деген күдікпен ҰҚК қызметкерлері қолға түсірген болатын. Қамауға алынған кезде ол Қорғаныс министрлігі бас инспекциясының бас инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды.