Асқар Мамин халықты вакциналау жұмысын жалғастыруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин халықты вакциналау жұмысын жалғастыруды тапсырды

Асқар Мамин халықты вакциналау жұмысын жалғастыруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы Үкімет отырысын өткізді.

  • 3 Тамыз 2021
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша науқастану айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толды», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакциналау екенін еске салды.

«Қазіргі уақытта 5,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін ектірді және 4 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», — деді Премьер-Министр.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайды
баяндаған
еді.

Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта.