Асқар Жұмағалиев Әбу-Дабидегі «Барака» АЭС-нің озық технологияларымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Жұмағалиев Әбу-Дабидегі «Барака» АЭС-нің озық технологияларымен танысты

Асқар Жұмағалиев Әбу-Дабидегі «Барака» АЭС-нің озық технологияларымен танысты

23-24 маусым күндері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев атом энергриясын бейбіт пайдалану саласындағы

  • 26 Маусым 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz

халықаралық тәжірибені үйрену және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды, деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс департаментінен. 

Қазақстандық компания басшысы Әбу-Даби қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан, қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай келетін «Барака» атом электр стансасын барып көрді. Асқар Жұмағалиев стратегиялық маңызды нысанды аралап, АЭС құрылысының барлық кезеңдерімен танысты. Сондай-ақ, араб серіктестері жобаны іске асыру барысында қолданылатын қазіргі заманғы озық технологияларды көрсетті.

Болашақта электр энергиясының тапшылығына ұшырамау үшін, сондай-ақ қуат қоржынын әртараптандыру және көмір қышқыл газдың ауаны ластауын азайту мақсатында БАӘ үкіметі ядролық энергетиканы пайдалануды жоспарлап отыр. «Барака» АЭС-ның құрылысын оңтүстік кореялық КЕРСО компаниясы басшылығындағы консорциум жүргізуде. Атом стансасы APR-1400 реакторы орнатылатын жалпы қуаты 5,6 МВт-қа тең төрт энергия блогынан тұратын болады. Нысанды кезеңімен пайдалануға беру 2017-2020 жылдарға межеленген.
Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев БАӘ Атом энергиясы жөніндегі корпорациясының (ENEC) басқарма төрағасы, Абу-Даби Атқару кеңесінің мүшесі Халдун Халифа әл-Мубаракпен және осы Корпорацияның бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Хаммадимен кездесті. Тараптар атом энергетикасы саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.