Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды: Астанада өрт сөндірушілердің отбасына көмек көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды: Астанада өрт сөндірушілердің отбасына көмек көрсетіледі

Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды: Астанада өрт сөндірушілердің отбасына көмек көрсетіледі

Астана қаласының әкімдігі бүгін өмірден өткен сөндірушінің отбасына көңіл айтып, Асқар Зәбикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты.
Оларға баспанаға беріліп, бүкіл несиелерін төлеп береді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2022
  • 255
Фото - Caravan.kz

Елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева өз жазбасында Асқар Забикулиннің қазасы бәріміз үшін орны толмас қайғы екенін айтқан. Ол Асқардың жанкешті әрекетінің арқасында бірнеше адамды құтқарып қалғанын атап өткен.

"Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Забикулиннің жұбайына үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Жаңа баспана Есіл ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтер Аскардың отбасына жекеменшікке, әрленген күйде әрі жиһазымен бірге беріледі. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр.

Ал құтқарушы Аян Кемпіровтің отбасына көмек ретінде ипотекасы жабылды. Оның сомасы 24 миллион теңгені құрайды. Сол сияқты Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына тиесілі 6 миллион теңгенің несиесі өтелді", — деп мәлімдеді Ақмарал Олжабаева.