Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бұған дейін қалалақ әділет департаменті бастығының орынбасары болған Мұрат Түсіпбеков аталған департаменттің бастығы болып тағайындалды.
Бұдан ертерек табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып Мұрат Іргебаев тағайындалған. Оған дейін ол осы басқарма бастығының орынбасарлық қызметін атқарған.
Сонымен қатар, қалалық кедендік бақылау департаментінің басшысы Амангелді Нұғманов болғанын хабарлағанбыз. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің бастығы болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті