Жарияланды: 390

Астана әкімі елорданың қоғамдық көлігімен жүру ақысы қымбаттайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттайды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп мәлім етті елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Оның атына көптеген азаматтар хабарласып, Астанадағы жолақы құны 60-65 теңгеден 85-100 теңгеге дейін қымбаттайтыны туралы сөздің рас-өтірігін сұраған. Бұл ақпаратты автобустардың кондукторлары қуаттаған көрінеді. «Астананың қоғамдық көлігімен жүру ақысының қымбаттайтыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп жазыпты И. Тасмағамбетов өз блогында. Сондай-ақ, ол тарифтерді арзандату да жоспарланып отырмағанын нақтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін