«Елордалық педагогтардың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Мемлекет оларды әлеуметтік қолдау мақсатында қаржы бөледі. Қазіргі уақытта оқытушылар мемлекеттің қолдауын сезініп жүр», — деді Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Әсима Бимендина.
Сондай-ақ, ұстаздар ҚР Білім министрлігінен 6 төсбелгімен марапатталды, соның ішінде үшеуі — Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдар.