Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов оқушыларға білім беру тиімділігін арттыру үшін виртуалды кеңістікті кеңірек пайдалануды ұсынды.
«Әлеуметтік желілердің мүмкіндігі мол, үй тапсырмасынан бастап оқушымен кері байланыс орнатуға болады. Мұғалім баламен сөйлесіп қана қоймай, сырттай бақылап та отырады. Педагогтардың сабақ жүргізу барысында әлеуметтік желілер мен чаттарды пайдаланбайтынына сенімім мол», — деді ол сейсенбі күні Білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде.
И.Тасмағамбетовтің айтуынша, «виртуалды кеңістік балалар қызығушылықтарына қарай топтасатын сала болып саналады». Әкімнің ойынша, оның тартымды болуының бір себебі – мұғалімдерді оқушылардың неге қызығып, немен айналысатынына қызықпайтынында».
«Қазір сынып жетекшісі оқушылардың талантын ашпақ тұрмақ, үйірмелерге баратын балалардың аты-жөнін де біледі деп ойламаймын», — деді әкім.
Оның ойынша, проблема «мектеп жүйесінде емес», «жоғарғы оқу орындарында педагог мамандар даярлау кезінде қалыптасады.