Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті

Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті

Астана әуежайына қонбақшы болған әскери ұшақтың екі дөңгелегі жұлынып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева айтып берді.

  • 16 Маусым 2016
  • 271
Фото - Caravan.kz

"Бүгін сағат 13.37-де Астана әуежайына қонып жатқан Ту-134 ұшағының шассидің сол жағында орналасқан екі дөңгелегі жұлынып кетті. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Мұны авиациялық оқиға деп айтуға болады", — деді Колбачаева.

Оның айтуынша, ұшақ Алматы-Астана бағытында ұшқан.

"Болжам бойынша, оқиға ұшу-қону жолағында жатқан заттан болған. Дөңгелектер жаңа. Ұшақтар штатты режимде қонып жатыр. Ұшақ әуелі қонған, содан кейін ғана дөңгелектері шығып кетті. Ұшқыштың қателігі емес", — деді ол.

"Осыған байланысты сағат 14.00-14.40 арасында Астана әуежайы жұмыс істеген жоқ. 14.40-тан бастап әуежай жұмысын штатты режимде жалғастырып жатыр", — деді Астана әуежайының өкілдері.