Жарияланды: 400

Астана әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады

Астана әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады

Астана әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады. 

«Жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша сағат 10.56-да жарылғыш заты қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Барлық жолаушылар мен келушілер терминалға кіргізілді. Астана қаласының әуежайы штаттық жұмыс режіміне көшті. Ішкі істер органдары жарылғыш заты қойылғаны жөнінде жалған мәлімет берген тұлғаны іздестіруде», деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 2015 жылы 6 тамызда сағат 09.08-де Астана қаласының әуежайының анықтама қызметіне жарылғыш заты қойылғаны туралы телефон арқылы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел топ шықты. Аумақ қоршауға алынды. Адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. 
Көліктегі ІІД қызметкерлері арнайы құрылымдармен, соның ішінде кинологиялық қызметпен бірлесіп әуежай терминалы мен оған тиесілі аумақты тексеріп шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін