Astana IT University-де зияткерлік ақпараттық жүйелер мен технологиялар халықаралық конференциясы өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana IT University-де зияткерлік ақпараттық жүйелер мен технологиялар халықаралық конференциясы өткізілуде

Astana IT University-де зияткерлік ақпараттық жүйелер мен технологиялар халықаралық конференциясы өткізілуде

Интеллектуалды ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE 4-ші халықаралық конференциясы алыс-жақыншетелдердің IT-индустриясының түр

  • 15 Мамыр
  • 8
ФОТО: fnn.kz

Интеллектуалды ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE 4-ші халықаралық конференциясы алыс-жақыншетелдердің IT-индустриясының түрлісаласындағы ғалымдарды, бизнесмендерді, зерттеушілерді, мамандар мен студенттердібіріктіретін Қазақстанның ғылымиқоғамдастығындағы маңызды оқиға.

Конференцияда мынадай зерттеубағыттары қамтылады: 

1. Технологиялық және инженерлікменеджмент.

2. Білім беру мен зерттеудегі IT.

3. IT қосымшалар саласындағы жаңаүрдістер мен технологиялар.

4. Деректер туралы ғылым және кеңейтілгенаналитика.

2024 IEEE SIST конференциясыныңматериалдары Scopus және IEEE Exploreғылыми дерекқорында индекстеледі.

Жыл сайын ғылыми ортада және студент жастар арасында бұл конференцияғақызығушылық артып келеді. Биыл оған 14 елден (Түркия, Чили, Украина, Бразилия, Малайзия, АҚШ, Үндістан, Бангладеш, Алжир, Амман, РФ, Ұлыбритания, Қырғызстан жәнет.б.) 1000-нан астам қатысушыдан 262 мақала(Қазақстаннан — 166, шетелден – 96)жіберілді.

Пленарлық сессияға ҚазақстанРеспубликасы Ғылым және жоғары білімминистрлігінің, Назарбаев Университетінің, Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттықғылым академиясының және т.б. өкілдеріқатысады.

Спикер ретінде Түркия, Украина, Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Қытай, АҚШ, Иран, Вьетнам жәнеҚазақстан ғалымдары сөз сөйлейді.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айындаН.К.Жақиевтің төрағалығымен IEEE KazakhstanComputational Intelligence & Robotics andAutomation Joint Societies Chapter құрылды.

IEEE жұмысына студенттерді тартубойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың қыркүйегінде Astana IT University-де IEEE студенттік бранч құрылды.