Жарияланды: 420

Астана мен Алматыда үлестік құрылыс проблемаларын шешу жөнідегі арнаулы топтар құрылады - Мәсімов

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Алматыда, сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында үлестік құрылыс проблемаларын шешу жөнідегі арнаулы топтар құрылады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Төрт топ құру жөнінде біз бүгін шешім қабылдадық", - деді Кәрім Мәсімов. Бұл топтарды басқару тиісті қалалар мен облыстардың басшыларына тапсырылды. "Біз қабылдаған барлық шешім орындалуға тиіс. Бізге сенім жүктеген адамдар алданып қалуға тиіс емес", - деді Кәрім Мәсімов. Топ басшылары азаматтық қоғам өкілдерімен бірге вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің басшылығымен үкіметте құрылған комиссияға енеді. "Тәжірибе көрсеткендей, көптеген органдар түрлі мәселелер бойынша шешім қабылдау мен жауаптан жалтарып қалып жатады. Ондай жайтқа жол бермеу керек. Әркім өз учаскесінде шешім қабылдауға тиіс, сосын, оларды жиынтықтай келе үкімет жүйелі шара қолдануы қажет", - деді үкімет басшысы. "Біз үлескерлермен тікелей кездесу арқылы бірегей, тиімді әрі дұрыс қадамға бардық. Бірақ енді мұндай жолды жиі пайдалана беруге болмайды", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть