Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері арнаулы бағдарлама жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері арнаулы бағдарлама жасауда

Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері арнаулы бағдарлама жасауда

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Ақмола облыстық әкімдіктері Елордасының іргесіндегі аумақтарды дамыту жөнінде арнаулы бағдарлама жасауда. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Альберт Рау журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Қаланың іргесіндегі аумақтар бірлескен бағдарлама бойынша кешенді дамуы қажеттігі жөнінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен келісімге келдік», -деді А.Рау.

Оның айтуынша, құжат қазір жасала бастаған. «Мұнда тұрғын үй құрылысы, демалыс нысандары мен өндіріс орындарын орналастыру жайы толық қарастырылады», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті