Астана мен Германия Қазақстанда бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Германия  Қазақстанда	бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан мүдделі

Астана мен Германия Қазақстанда бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан мүдделі

Астана. 18 қазан. "Қазақстан Бүгін". - Астана мен Германия Қазақстанда бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан мүдделі. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының пемьер-мнистрі Кәрім Мәсімов пен Германия Федеративтік Республикасының Экономика және технология федеральдық министрі Михаэль Глостың басшылығымен қазақстан-германия келіссөздері кезінде атап көрсетілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қазан 2007
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында екі жақты қатынастардың жай-күйі мен даму келешегі талқыланды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Германияның делегация мүшелері саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың айтарлықтай әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Тараптар келісімдерді аяқтай келе, қазақстан-германия қатынастарының одан әрі дамуына сенім білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті