Астана мен Минск Беларусь жағының Қазақстанда цемент зауытын салу мүмкіндігін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен  Минск Беларусь жағының Қазақстанда цемент зауытын салу мүмкіндігін талқылады

Астана мен Минск Беларусь жағының Қазақстанда цемент зауытын салу мүмкіндігін талқылады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан мен Беларусь үкімет басшылары Беларусь жағының Қазақстанда цемент зауытын салу мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Беларусь үкімет басшысы Сергей Сидорский құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Елдеріміз үшін құрылыс саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор», — деді С. Сидорский. «Бүгін біз бағаның өсімі мен Қазақстан нарығындағы сұраныс қүрылыс материалдарының өндіріліп шығу көлемінен алда келе жатуына байланысты Қазақстан үшін құрылыс материалдарының аса маңыздылығы жөнінде талқыладық»,- деді ол.

«Біз Қазақстанда цемент зауытын салу мүмкіндігін тағы бір рет талқылаймыз деп келістік», — деді Беларусь премьер-министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті