Астана - Павлодар трассасында жол апатынан бір адам қаза тауып, 15 тонна дизельдік отын төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана - Павлодар трассасында жол апатынан бір адам қаза тауып, 15 тонна дизельдік отын төгілді

Астана - Павлодар трассасында жол апатынан бір адам қаза тауып, 15 тонна дизельдік отын төгілді

Астана. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана - Павлодар трассасында жол апатынан бір адам қаза тауып, 15 тонна дизельдік отын төгілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Шiлде 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астанада Астана — Павлодар трассасының 8-9-шы шақырымында 23 шілдеде сағат 13.00-де 40 тонна дизельдік отын әкеле жатқан «ПЭЙ ФАНК БЕН ЦИ» автоцистернасының 45 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.

Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды; 15 тонна дизельдік отын 499,8 шаршы метр аумаққа таралып, топыраққа 10 сантиметрге дейін сіңді. «Рымжан Трейд» ЖШС күшімен отын жиналып, ластанған топырақ жиналып, жаратылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті