Астана Пхеньянның зымыран ұшыруын сынап, тараптарды келіссөзге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Пхеньянның зымыран ұшыруын сынап, тараптарды келіссөзге шақырды

Астана Пхеньянның зымыран ұшыруын сынап, тараптарды келіссөзге шақырды

Астананың мәлімдеуінше, Қазақстан Солтүстік Кореяның өткен аптада баллистикалық зымыран ұшырғанын "қатаң сынайды" және мүдделі тараптарды келіссөздерге шақырады.

  • 31 Шiлде 2017
  • 188
Фото - Caravan.kz

"Мұндай әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарық өрескел бұзып қана қоймай, әлемге қауіп төндіреді және Шығыс Азия аймағындағы тұрақтылықты бұзады", — делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемесінде.

Онда СІМ Пхеньян әрекетін "арандатушылық", ал Солтүстік Корея саясатын "жауапсыздық" деп атады. Астана Пхеньянды "ядролық амбициясынан бас тартуға" шақырды.

Солтүстік Корея билігінің мәлімдеуі бойынша, 28 шілдеде ядролық оқ алып ұша алатын және АҚШ-тың құрлықтағы аумағына дейін жететін баллистикалық құрлықаралық зымырандар сыналған.


"Солтүстік Кореяның арандатушылық әрекетіне еріп, мәселені күшпен шешуге емес, келіссөздер арқылы бітімге келуге болады", — делінген Қазақстан СІМ мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар