Жарияланды: 490

Астана қалалық қаржы полициясы үлескерлердің 1,6 млрд теңгесін иемденді деген күдікпен бір адамды тұтқындады

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жақында Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері үлескерлердің 1,6 млрд теңгесін иемденді деген күдікпен бір адамды тұтқындады. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихаты барысында Астана қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тұтқындалушы бірқатар ЖШС ("Фабрика недвижимости, "Арқа құрылыс компаниясы НТ", "ТН Сервис" компаниясы", "Астана шебер", "Гранд Престиж Строй" және "Аист құрылыс" компаниясының) директоры және құрылтайшысы болып тұрып, 2006 және 2007 жылдары "Көкшетау", "Оқжетпес", "Жұлдыз", "Тассай", "Көктөбе" тұрғын үй кешендерінің үлескерлерінен қолма-қол және қолма- қол емес түрде 1,6 млрд теңгеден астам сомадағы қаражат жинаған", - деді А. Кәрімов. Оның мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтық іс-әрекеттер жасады деген күдікті 93,9 млн тңге көлеміндегі үлескерлердің қаражатына құрылыс материалдарын сатып алып Астана қаласындағы 5 коттедждің құрылысына пайдаланған. "Ақыр соңында істеген әрекеттері үшін жаза тартудан қашқақтап, жасырынған. Сосын оған іздеу салынды", - деп атап көрсетті Елорданың қаржы полициясының бастығы. Жақында күдіктінің Көкшетау қаласында Астананың қаржы полициясының шұғыл қызметкерлері қамауға алып, уақытша тергеу изоляторына қамаған. "Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша тергеу изоляторына жеткізілді. Оны айыптау бойынша алдын ала тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Іс сотқа берілуге дайындалуда", - деп сөзін түйді А. Кәрімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть