Астана қалалық ТЖД ауа райына байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық ТЖД ауа райына байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Астана қалалық ТЖД ауа райына байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорындар мен ұйым басшыларын ауа райына байланысты бүгінгі  жұмыс күнін қысқартуға шақырды.

  • 7 Ақпан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

«Ауа райының бұзылып, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады. «Қазгидромет» мәліметінше, 7 ақпанда ауа температурасы -32 градус болады, дегенмен ол -35 градус болып сезіледі» делінген хабарламада.  

Бұл ұсыныстың қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдарына, атап айтқанда өрт сөндіру, полиция, жедел жәрдем және коммуналдық қызметтерге, төтенше жағдайлар департаментіне қатысы жоқ.


Қалалық ТЖД төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.  

Соңғы жаңалықтар