Жарияланды: 2500

Астана қаласын кешенді көгалдандыру жобасы жасалды - "Астана бас жоспары" ҚКК

Астана қаласын кешенді көгалдандыру жобасы жасалып аяқталды. Бұл туралы бүгін, 18-қарашада "Астана бас жоспары" ҚКК директорының орынбасары Қасымбек Әйтімов хабарлады.

"Бұл қаланы салуға және оның сәулетіне негіз болатын басты құжат, ол негізгі көгалдандыру нысандарын орналастыру және оны дамыту перспективасын айқындайды",- деді ол. Қ.Әйтімовтың айтуынша, құжатқа "қаладағы су арналарын бойлай экологиялық дәліздер мен Астана қаласының сыртын айнала жасыл желекті аймақ құру" принципі басты арқау етіп алынды. "Астана бас жоспары" ҚКК директорының орынбасары хабарлағанындай, Елордасын көгалдандыру үшін Қазақстан, Ресей, Израиль және Канадалық мамандар шақырылады. Мәселен, Есілдің солтүстік жағалауын көгалдандыруда еліміз бойынша тұңғыш рет Канадалық әдістеме қолданылғалы отыр,- деді ол. "Астана бас жоспары" ҚКК-ның мәліметі бойынша, 1997-2003-жылдарда Астанада 15,2 мың гектарға ағаштар мен бұталар отырғызылса, 2004-жылы 4,7 мың гектарды, 2005-жылы 5,1 мың гектарды жасыл желекпен көмкеру көзделген. Қаланы көгалдандыру мақсатына арнап екпе материалдар дайындау үшін Астанада екі бірдей көшеттік және бір оранжереялық шаруашылық құрылды. Жыл сайын Астананы көгалдандыру мақсатына 800 млн. теңге бөлініп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін