Астана қаласында Есіл атты жаңа аудан құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласында Есіл атты жаңа аудан құрылды

Астана қаласында Есіл атты жаңа аудан құрылды

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында Есіл атты жаңа аудан құрылды. Осы жөніндегі жарлфққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

Жарлық мәтінінде : «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласында әкімшілік-аумақтық бірлік — Есіл ауданы құрылсын деп қаулы етемін»,- делінген.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласының Алматы және Сарыарқа аудандарының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен Есіл ауданының әкімшілік шекарасы белгіленді.

Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдайды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті