«Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының 11-ші сессиясында Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының президенті болып Мәскеу мэрі Юрий Лужков, ал бірінші вице-министрі болып Астана әкімі Асқар Мамин сайланды», — деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, сессия барысында Халықаралық астаналар мен ірі қалалар Ассамблеясының мүшелігіне 6 қала енді. Олардың қатарында Запорожье, Ижевск, Луганск, Ош, Рязань және Сухуми бар. Осылайша, ұйымға мүше қалалар саны 70-ке дейін өсті.
Бұрын хабарлағанымыздай, сессияда ірі қалалардың қала құрылысын дамыту концепциясын стратегиялық жоспарлау мен іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуде Халықаралық астаналар және ірі қалалар Ассамблеясының рөлі талқыланған болатын. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне, қаланы басқаруды ақпараттандыру мен алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды енгізуге арналған «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті